Біздің сайтқа қош келдініздер!
Гулнар Амангелдіқызы Хамзина - Медицина ғылымдарының кандидаты. Қоғамдық Денсаулық сақтау мамандығы бойынша жоғарғы санатты дәрігер. 2012 жылдың ақпан айынан Балалар фтизиопульмонология оңалту орталығының директоры.
1964 ж.т., 1987 жылы Семей медициналық институтының емдеу ісі факультетін тәмамдап, бір жылдық интернатураны аяқтады. 2011 ж. С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ –ды менеджмент мамандығы бойыншы аяқтады.еңбек жолын
1988 – 1995 жылдар аралығында «Химпром » Жамбыл өндірістік бірлестігінің МСБ- ның терапевт дәрігері ретінде бастады.
1996- 1997 жж аралығында Тараз қаласы қалалық емханасының фтизиотерапия бөлімшесінің дәрігері,
1998-2003жж. аралығында Ақмола облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері, 2003-2005жж. Аралығында Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің жанындағы Көкшетау қалалық емханасында емдеу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, Көкшетау медицина колледжінің оқытушысы, 2006- 2008 жылдары СҚО бойынша тәуелсіз медицина сарапшылары Ассоциациясы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2008-2012жылдары Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Қалалық балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісімен марапатталған.
2015 жылы Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін - Ұлттық Медициналық Ассоциясының «Алтын Дәрігер» төс белгісімен марапатталды.