Сенiм телефоны:
264-45-02
Ертеңгілік үшін 8 наурыз
Шұғылалы көктеммен қатар келетін қырмызы арулар мерекесі 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні шипажайымызда жоғары деңгейде аталып өтілді. Ұлдардың ұйымдастыруымен өткен мерекелік кеш көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында аруларға, аналарға әсем әндер арналып, талай жырлар жатқа оқылды. Әр адам анадан туылғандығын айтып, ең биік құрметке ана лайықты деп білетіндіктерін жеткізді. Шипажайдағы ер-азаматтарымыз аруларға қызғалдақтар тарту етіп, әдемі лебіздерін білдірді.