Үздік фтизиопедиатр
Медицина қызметкері күні қарсаңында сіздерге өзіміздің қызметкерімізді таныстырғымыз келеді. ШЖҚ «Балаларды фтизиопульмонологиялық оңалту орталығы» КМК ең үздік фтизиопедиатр дәрігері - Абланаова Меруерт Асқарқызы. Меруерт Асқарқызы ортығымызда бөлім меңгерушісі қызметін атқарады, "Балалар фтизиатриясы" мамандығы бойынша жоғары білікті маман. "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша магистрант. Ол дәрігерлердің барлық халықаралық конференцияларына белсенді түрде қатысып, білген-түйгенін әріптестерімен бөлісіп жүреді. Меруерт Асқарқызы өзінің білімін шығармашылық тұрғыдан қолдана алады және емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп жүреді. Өз жұмысын сүйіп атқарады, науқастарға кішіпейілділікпен, ерекше ықыласпен қарайды. Өзінің қызметтік міндетіне жауапкершілікпен қарайды. Науқастардың да, қызметкерлердің де арасында беделді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. "Коммуникативтік дағдылар. Медициналық туризмді ағылшын тілінде дамыту" курсы бойынша біліктілігін арттырған. Жұмыс істеу барысында өзін құзыретті маман ретінде көрсетті, алғыс хаттар мен сертификаттармен марапатталды, спорттық және мәдени шараларға белсенді қатысушысы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Кез келген критикалық жағдайдан оңай шыға алады. Жұмыс өтілі:
08.2003 - 01.2005 жж. - №6 балалар емханасы МКҚК жергілікті педиатр, Алматы қаласы
01.2005 - 08.2005жж. - «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» РМКК -да кіші ғылыми қызметкер, Алматы қаласы
08.2005 - 09.2011жж. - Алматы облысындағы «Шымбұлақ» балаларды туберкулезге қарсы емдеу шипажайында остео-өкпе бөлімінің меңгерушісі
Марапаттаулары:
1. Медицина қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы, Алматы, 2011, 2016 ж.
2. Алматы қаласындағы «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасынан Алғыс хат 2016, 2017 ж.
3. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің алғыс хаты, 2016 ж.
4. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы 2014, 2018 ж.
Жарияланымдар: Медициналық журналдарда және жинақтарда 8 жарияланым.
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медицина бюллетені» жинағы. «Қазіргі кезеңдегі балалар мен жасөспірімдерде туберкулездің клиникалық-диагностикалық ерекшеліктері» мақаласы. Астана қаласы «Шипажай -2016» медициналық форумы
2. «Эскулап» медициналық ғылыми-практикалық журнал «Тамақ-терапия ретінде», 2014 ж.
3. Аграрлық университетінің газеті «Тамақтану - денсаулық кепілі» мақаласы, 2014 ж.
4. «Эскулап» медициналық ғылыми-практикалық журналы « №1 Балаларды туберкулезге қарсы емдеу шипажайындағы балалар жарақатын талдау», 2014 ж.
5. «Халықаралық медбикелер күніне арналған Қазақстанның мейірбике ісі мамандарының III съезі» материалдары жинағы, 2015 ж. «Қазіргі кезеңдегі тәуекел топтарының балалары үшін емдеу және химиотерапияны қолдау фазасында емдеудің тиімділігі» мақаласы.
6. «Денсаулыққа Баршаға арналған 2017» медициналық форумының «Қазіргі кезеңдегі туберкулездің клиникалық-диагностикалық аспектілері» атты 2017 жылғы журналы.