Сенiм телефоны:
264-45-02
Ақ халатты абзал жандар
№1 Балаларды туберкулезге қарсы емдеу шипажайында медицина қызметкерлері күніне арналған «Ақ халатты абзал жандар» атты іс-шара педагог қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аталып өтті. Шипажайдың бас дәрігері Гүлнар Амангелдіқызы қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалының және кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапаттады. Мерекелік іс-шара қызықты да, көңілді өтті.